Ресей мен Норвегия шекарасында қоршау тұрғызылуы мүмкін
Жарияланған күні:
Норвегияның әділет министрі Ресеймен шекараны тезарада жауып тастауға мүмкіндік беретін шаралар туралы айтты. Олардың қатарында қозғалыс датчиктері орнатылған шекара қоршауын тұрғызу да бар, деп хабарлайды DW сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, қоршау идеясы Норвегия үкіметі үшін тежеуші фактор болғандықтан ғана емес, сонымен қатар шекараға жақын жерде жүріп бара жатқан адамдарды анықтай алатын сенсорлар мен технологияға байланысты тартымды болып отұр.
Энгер Мель де қажет болса, үкімет шекараны қысқа мерзімде жабуға дайын екенін айтты.
"Біз бірнеше шараны қарастырып жатырмыз. Бұған шекарашылар құрамын, қоршауларды, шекараны қорғауды және Сторског шекара өткелінің айналасындағы көлік қозғалысын реттеу шараларын қамтуы мүмкін", - деп түсіндірді министр.
2016 жылы Норвегия Сторског шекара өткелінде 200 метр, биіктігі 3,5 метрлік шекара қоршауын салды. Баспасөздің хабарлауынша, көп адам мұны даулы шешім ретінде қабылдады. Кейін, 2022 жылғы 22 қыркүйекте Украинадағы соғыс аясында Норвегия Ресеймен 2007 жылы қол қойылған визалық келісімді тоқтатты.
Норвегияның Финмарк аймағындағы полиция басшысы Эллен Катрин Хетта Ресей Федерациясымен шекарада дуал салу идеясын қолдады.
"Менің ойымша, бұл Норвегияға заңсыз кіргісі келетін немесе Норвегиядан Ресейге заңсыз барғысы келетін адамдар үшін тосқауыл болады", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2167440-resei-men-norvegiia-shekarasynda-qorshau-turgyzyluy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.