jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Израиль Сыртқы істер министрлігі БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерришті персона нон грата деп жариялады

Антониу Гутерриш
Антониу Гутерриш. Фото: Lokman Vural Elibol/Anadolu Agency via Getty Images

Израиль сыртқы істер министрі Біріккен Ұлттан ұйымының бас хатшысы Антонио Гутерришті Иранның зымыран шабуылы туралы мәлімдемесі үшін персона нон грата деп жариялады. Оған елге кіруге тыйым салынғаны хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Біріккен Ұлттан ұйымының бас хатшысы Израильде персона нон грата атанып, оған елге кіруге тыйым салынған.

Тиісті шешімді Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Исраэль Кац қабылдады, деп жазады РБК.

"Бұл Гутерриштің Х әлеуметтік желісінде Иранның Израильге зымыран шабуылы туралы мәлімдемесінен кейін болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Х желісінде Таяу Шығыстағы қақтығыстың кеңеюін айыптайтынын және атысты тоқтатуға шақыратынын жазды. Алайда оның жолдауында не Израиль, не Иран туралы айтылмаған", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израиль территориясына жүздеген зымыранын ұшырғанын жазған едік.

Израиль Сыртқы істер министрлігі БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерришті персона нон грата деп жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.