Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та Трампқа қастандық жасамақ болған деген күдікпен ер адам ұсталды

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell/Getty Images

Калифорнияда Дональд Трампқа тағы да рет қастандық жасау жоспарланған болуы мүмкін. Өйткені саясаткер сөз сөйлейтін орынның алдында тұрған көлікте қаруы бар адам ұсталды.

"Біз тағы бір қастандық әрекетін тоқтатқан сияқтымыз", - деді Риверсайд округінің шерифі Чад Бьанко.

Шерифтің орынбасарлары Трамп кезекті сайлауалды үгіт-насихат жасап, сөз сөйлейтін ғимарат алдындағы бақылау-өткізу бекетінде бір адамды ұстады, деп хабарлайды РИА Новости.

49 жастағы Вем Миллердің көлігінен мылтық, оқталған тапанша табылды.

Ер адам тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпей ұсталды.

Шериф ұсталған ер адам оңшыл үкіметке қарсы топтың мүшесі екенін және тінту кезінде шерифтің орынбасарларына Трамп сөйлеген жерге бару үшін жалған билеттер көрсеткенін айтты.

Алайда The New York Post газеті Құпия қызмет пен Федералды тергеу бюросы Миллер экс-президентке қастандық жасауды ойламаған деп есептейді. Сондай-ақ, ФТБ бұл бағытта тергеу жүргізіп жатпағаны айтылды.

Миллердің өзі оған тағылған айыптарды "бос сөз" деп атады.

Айта кетейік. 13 шілдеде АҚШ-тың бұрынғы басшысы және президенттікке үміткер Дональд Трамп Пенсильванияда сөз сөйлеп тұрғанда оған оқ атылып, жараланған еді. Оқты снайпер кездесу өтетін жердің жанындағы шатырдан атқан. Шабуылдаушыны құпия қызмет өкілдері сол жерде атып өлтірді. Кездесуге қатысушылардың бірі қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алғаны хабарланды.

Кейін интернетте АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасамақ болды деген күдіктінің түсірілген видеосы пайда болды. Видеода ер адам "республикашыларды жек көретінін және Дональд Трампты жек көретінін" айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2173755-aqsh-ta-trampqa-qastandyq-zhasamaq-bolgan-degen-kudikpen-bir-adam-ustaldy/