Зектілері

Трамп әлде Харрис: АҚШ-та сайлау қарсаңындағы сауалнама нәтижелері жарияланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп пен Камала Харрис
Дональд Трамп пен Камала Харрис. Фото: Saul Loeb/AFP via Getty Images

Америка Құрама Штаттарындағы сауалнамаларға сәйкес, кей штаттарды Дональд Трампты қолдайтын сайлаушылардың пайызы президенттікке үміткер Камала Харриске қарағанда жоғары болған.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

The Hill басылымының мәліметінше, штаттарда сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың 48 пайызы Республикалық партияның кандидаты, бұрынғы президент Дональд Трампқа дауыс беретінін айтқан.

Демократиялық партияның кандидаты, вице-президент Камала Харриске келсек, бұл көрсеткіш 47 пайыз болған. Алайда 5 пайыз қатысушы ешқандай таңдау жасамаған.

Гарвардтың CAPS орталығының директоры Марк Пенн: "Трамптың ауытқымалы штаттарға назар аудару стратегиясы нәтижесін беріп отыр", - деді.

Сауалнама 11-13 қазанда жүргізілген.

Сонымен қатар соңғы ABC News жалпыұлттық сауалнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайызы Харриске дауыс берген, Трампты қолдағандар 48 пайыз болған.

Телеарнаның мәліметінше, сауалнама 4-8 қазан аралығында 2631 респондент арасында ағылшын және испан тілдерінде онлайн режимінде жүргізілген.

Айта кетейік, АҚШ президентін сайлау 2024 жылғы 5 қарашада өтеді және бұл ел тарихындағы 60-сайлау болады. Бұл сайлауда АҚШ-тың 47-президенті сайланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2174796-tramp-nemese-harris-aqsh-prezidentin-sailau-qarsangyndagy-saualnama-natizheleri-zhariialandy/