jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Ешқандай реванш болмайды": Трамп Харриспен дебаттан бас тарту себебін түсіндірді

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Mario Tama/Getty Images

Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде қарсыласы Камала Харриспен болған пікірталасқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол халық арасында жүргізілген сауалнамада көш бастап келе жатқанын да мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамп соңғы екі пікірталаста – Джо Байден мен Камала Харристі жеңгенін айтты.

"Мен Fox News арнасының 4 қыркүйекте Камаламен пікірталасқа шақыруын қабылдадым, бірақ ол бас тартты. Джей Ди Венс Тим Уолцпен дебатты оңай жеңді", - деп жазады ол Truth Social-да.

Сондай-ақ, АҚШ-тың бұрынғы президентінің айтуынша, ол сауалнамалар бойынша алда келе жатқанын және "арақашықтық күн сайын артып келе жатқанын" айтты.

"Боксшы жекпе-жекте жеңілгеннен кейін бірінші кезекте реванш талап етеді. Қазір өте кеш, дауыс беру басталып кетті – ешқандай реванш болмайды! Сонымен қатар Камала Джо Байденнен (саясатынан – ред. ескертпесі) ерекшеленетін басқа ештеңе істемейтінін анық айтты, сондықтан дауласатын ештеңе жоқ", - деді саясаткер.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды
"Ешқандай реванш болмайды": Трамп Харриспен дебаттан бас тарту себебін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.