"Соғыстың басталуына жол бермеу керек еді": Трамп Зеленскийді сынға алды
Жарияланған күні:
АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Владимир Зеленскийді Украинада соғыс басталуына жол берді деп айыптады. Бұл туралы ол Патрик Бет-Дэвидтің подкасты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
РБК хабарлауынша, әңгіме барысында Трамп АҚШ-тың Украинаны қолдау үшін қыруар қаржы жұмсап жатқанын айтып, Зеленскийді өзі көрген "ең жақсы сатушы" деп атады.
"Мұнша ақшаны тағы кім алып жатыр? Мұндай жағдай ешқашан болған емес. Бұл менің оған көмектескім келмейді дегенді білдірмейді. Өйткені мен ол адамдарды қатты аяймын. Алайда ол соғыстың басталуына жол бермеуі керек еді. Олар жеңілді", - деді Трамп.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, саясаткер мемлекет басшысы болып сайланған жағдайда, Украинадағы жанжалды президенттік мерзімінде реттейтініне уәде берді. Сонымен бірге Трамп АҚШ президенті Джо Байденді қақтығысты қоздырғаны үшін тағы да сөгіп, Ақ үйдің қазіргі иесінің әрекеті жағдайды бейбіт жолмен шешуге әкелмегенін айтты.
Патрик Бет-Дэвид, оның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, кәсіпкер, сақтандыру қызметтерін сату, маркетинг және тарату компаниясының негізін қалаушы. Сондай-ақ кәсіпкерлерді оқытады, кітаптар жазады және тәлімгерлікпен айналысады.
Оған қоса баскетболшылар Коби Брайант пен Мэджика Джонсоннан, жазушы Роберт Гриннен, миллиардерлер Рэй Далиодан, Марк Кубаннан және Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Возняктан сұхбат алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2176004-sogystyng-bastaluyna-zhol-bermeu-kerek-edi-tramp-zelenskiidi-synga-aldy/