jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Банкрот болады": Илон Маск АҚШ-қа қатысты болжам жасады

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

Америкалық кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың банкрот болу қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маск мемлекеттік шығындарға алаңдаушылық білдірді. Ол өз жазбасын осы мәселеге арнады.

"Егер мемлекеттік шығындарды түбегейлі қысқартпаса, онда тым көп қарыз алған адам сияқты Америка да банкрот болады", - деп жазды миллиардер.

Кәсіпкердің айтуынша, салық түсімдері қарыз бойынша пайыздарға кетіп, маңызды қажеттіліктерге ештеңе қалмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск АҚШ-тағы алдағы саяси оқиғаларға қатысты бірнеше батыл болжам жасаған болатын.

Мәселен, ол Камала Харристің президенттігі адамзат үшін апатты болатынын айтты, өйткені оның пікірінше, Марсты зерттеу бағдарламасы сайлаудан кейін тоқтатылады.

Қыркүйек соңында Маск АҚШ-тағы сайлауға қатысты тағы да пікір білдіріп, Трамп демократияға қауіп төндірмейтінін, оны құтқарудың жалғыз мүмкіндігі екенін мәлімдеген.

"Банкрот болады": Илон Маск АҚШ-қа қатысты болжам жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.