jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алтындай және ақшалай 500 млн доллар: Израиль Бейрутте аурухана астында "Хезболланың" бункері бар екенін хабарлады

Бейрут
Бейрут. Көрнекі фото: pexels.com

ЦАХАЛ баспасөз хатшысы Даниэль Хагари "Хезболланың" бункері анықталғанын, Бейруттегі ауруханалардың бірінің астында орналасқан бункерде алтындай және ақшалай 500 миллион доллар сақталғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оның айтуынша, Израиль ұйымның қаржы институттарына шабуыл жасаған. ЦАХАЛ өкілі олардың бірі жақында өлтірілген Хасан Насралланың бункері екенін айтты.

"Бункер әдейі аурухананың астына орналастырылған және онда жарты миллиард доллар ақшалай және алтындай сақтаулы", - деп келтіреді Хагаридің сөзін басылым.

Ол Израиль әуе күштері осы орынды бақылап отырғанын айтты.

Сондай-ақ баспасөз хатшысы Иран "Хезболлаға" демеушілік жасайтынын атап өтті. Хагари сонымен қатар топтың әскери операцияларды қаржыландыру әдістерін айтып берді.

Ол сондай-ақ Израиль ұйымның қаржы операцияларына соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске салсақ, 28 қыркүйекте Израиль армиясы "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралланың көзі жойылғанын хабарлаған болатын. Израиль армиясының мәліметінше, Насралла Бейрутке шабуыл кезінде қаза тапқан. Онымен бірге қозғалыстың басқа жетекшілері де қайтыс болды.

Алтындай және ақшалай 500 млн доллар: Израиль Бейрутте аурухана астында "Хезболланың" бункері бар екенін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.