jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Өзбекстанда алғаш рет парламент депутаттары аралас жүйемен сайланып жатыр

Шавкат Мирзиёев
Шавкат Мирзиёев. Фото: t.me/shmirziyoyev

Өзбекстан тарихында алғаш рет парламенттің заң шығару палатасына депутаттарды сайлау аралас жүйе негізінде өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, биыл сайлау елдің Конституциясына және ұлттық сайлау заңнамасына негізделген аралас сайлау жүйесі негізінде өтіп жатыр.

"Бұл жүйе Заң шығару палатасының 75 депутатына мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша бір мандатты округтер бойынша, тағы 75 депутатқа партиялық тізімдер бойынша пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайлануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, елде 10 717 сайлау учаскесі, оның 56-сы 39 елде құрылған. 19,8 миллион сайлаушы тіркелген. 16-23 қазандағы мерзімінен бұрын дауыс беруге миллионнан астам сайлаушы қатысты.

Сайлауға елдегі бес саяси партияның өкілдері түсіп жатыр: кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің қозғалысы – Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы, Өзбекстанның "Миллий тикланиш" демократиялық партиясы, Өзбекстанның экологиялық партиясы, Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы, сондай-ақ Өзбекстанның "Адолат" социал-демократиялық партиясы .

Сайлауды 800-ден астам шетелдік және халықаралық бақылаушылар бақылап отырғаны мәлім болды.

Бүгін Грузияда да парламент сайлауының қорытындысы шығарылды. Би-Би-Си орыс қызметінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының алғашқы қорытындысы бойынша биліктегі "Грузин арманы" партиясы парламенттік сайлауда оппозициялық партиялардан алда келеді. Оппозиция бұл сайлаудың нәтижелерін мойындаудан бас тартуда.

Өзбекстанда алғаш рет парламент депутаттары аралас жүйемен сайланып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.