Зектілері

Ресейде цирктегі пантера үш жасар балаға шабуыл жасады

Жарияланған күні:

Пантера
Пантера. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Ангарск қаласындағы жылжымалы цирктегі пантера өзімен суретке түскісі келген үш жасар балаға шабуыл жасады. Бұл туралы Иркутск облысының полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресей Федерациясының Иркутск облысы бойынша тергеу комитеті Тергеу басқармасының Telegram-дағы арнасында бір күн бұрын Ангарск тұрғыны 3 жасар ұлын жеке жылжымалы циркке әкелгені туралы хабарлады. Циркте әкесі мен баласы пантерамен суретке түспек болған.

"Суретке түсіру кезінде жануар балаға шабуыл жасады, нәтижесінде бала дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Кейіннен процессуалдық тексеру қорытындысы бойынша "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін балаларға арналған қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлға гастрольмен келген цирк шатырында спектакль кезінде көрермендер отырған трибуна опырылғанын жазған болатынбыз. Мемлекеттік органдар бұл жайтқа байланысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2179871-reseide-tsirktegi-pantera-ush-zhasar-balaga-shabuyl-zhasady/