jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Трамп Байденнің "қоқыс" туралы сөзінен кейін қоқыс таситын көлікке мінді (видео)

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Байденнің "қоқыс" туралы сөзінен кейін қоқыс таситын көлікке мінген. Америкалық телеарналар арнайы жилет киген саясаткерді видеоға түсіріп алған.

Саясаткер Висконсиндегі Грин-Бэй халықаралық әуежайында артында "Трамп" деген жазуы бар қоқыс таситын көлікке мінген.

"250 миллион адам қоқыс емес", - деді Трамп жүк көлігіне отырар алдында.

Daily Mail газетінің жазуынша, саясаткер қоқыс таситын көліктің терезесінен еңкейіп отырып журналистермен сөйлескен.

"Менің қоқыс таситын көлігім туралы не айтасыз? Бұл көлік Камала мен Джоның құрметіне арналған", - деді ол.

Трамптың айтуынша, Джо Байденнің мұндай мәлімдеме жасауы нағыз сұмдық.

АҚШ президенті Джо Байден Zoom желісіндегі бейнеконференция барысында Дональд Трамптың сөзіне түсінік бере отырып, республикашылдың жақтастарын "қоқыс" деп атады.

Трамптың өзі де Пенсильвания штатының Аллентаун қаласында өткен митингте сөйлеген сөзінде бұл мәлімдемеге жауап қатты.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

"Оны (Байденді – ред. ескертпесі), өтініш, кешірулеріңіз керек. Өтінемін, оны кешіріңіздер. Өйткені ол не айтып, не қойғаны білмейді", - деді Дональд Трамп.

"Ол Камаладан гөрі мені ұнататынына сенімдімін", - деп әзілдеді Трамп.

Трамп Байденнің "қоқыс" туралы сөзінен кейін қоқыс таситын көлікке мінді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.