jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-тағы президент сайлауы: биылғы сауалнама 2020 жылғы сайлауға ұқсас нәтижелерді көрсетті

Дональд Трамп пен Камала Харрис
Дональд Трамп пен Камала Харрис. Фото: Saul Loeb/AFP via Getty Images

Демократиялық партиядан үміткер Камала Харрис экс-президент Трамптан 4 пайызға озып кетті. Бұл АҚШ-тағы сайлау алдындағы соңғы сауалнаманың нәтижесі, деп хабарлайды The Hill басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сауалнаманы PBS News/NPR/Marist компаниясы жүргізді.

Олардың мәліметі бойынша, Харристі респонденттердің 51 пайызы, ал Трампты 47 пайызы қолдаған.

Бұл ретте сайлау алдындағы соңғы күндері гендерлік алшақтық айтарлықтай қысқарды.

Бұл сауалнаманың түпкілікті нәтижелері президент Байден респонденттердің 51 пайызынан, ал Трамп 47 пайызынан қолдау алған 2020 жылғы нәтижемен шамалас.

Бір қызығы, сауалнамаға қатысқан республикашылдардың шамамен 8 пайызы Харриске дауыс беруге ниетті, ал демократтардың 4 пайызы Трампқа дауыс беруге дайын.

Бұл ретте басылым сауалнамаға қатысушылардың 55 пайызы сайлауда дауыс беріп қойғанын айтса, сайлаушылардың үштен бірі сайлау күні тікелей дауыс беруді жоспарлап отырғанын жазады.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

PBS News/NPR/Marist сауалнамасы 31 қазан мен 2 қараша аралығында 1300 ықтимал сайлаушы арасында жүргізілгені атап өтілді.

АҚШ-тағы президент сайлауы: биылғы сауалнама 2020 жылғы сайлауға ұқсас нәтижелерді көрсетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.