Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп сайлауда жеңіске жету үшін қанша дауыс жинаған

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Jim Watson / AFP via Getty Images

Америкалық БАҚ-тың жаңартылған деректеріне сәйкес, бұл уақытқа дейін Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жету үшін қажетті электоралдық дауыстарды жинаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Еуропалық дипломатия басшысы көптің алдында Трампты сынға алды

Осы уақытқа дейін Дональд Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жету үшін қажетті сайлаушылар дауыстарын жинады.

Fox News хабарлауынша, Трамп – 277, Камала Харрис – 226 дауыс жинады.

CNN телеарнасы Трампқа – 276, Камала Харриске – 219 дауыс бергенін хабарлады.

Олардың CBS-тегі әріптестері де Трампқа – 276 дауыс, Харриске – 222 дауыс берілгенін анықтады.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Трамп – 277 сайлаушы дауысына ие болса, оның демократиялық қарсыласы – 224 дауысқа ие болды.

Жалпы, басылымдардың есебі бойынша, Трамп қазірдің өзінде 276-277 дауыс жинаса, оның қарсыласы Камала Харрис 219-дан 226-ға дейін дауыс жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, ережеге сәйкес, президенттік сайлауда 270 дауыс жинаған адам жеңеді.

Айта кетейік, АҚШ бойынша барлық сайлау учаскесі жабылды.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланады.

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін жазан едік.

Кейін АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2183982-tramp-sailauda-zhengiske-zhetu-ushin-qazhetti-dauys-zhinagan/