jitsu gif branding logo appbranding logo app

Трамп Ақ үй аппаратының жаңа басшысын тағайындады: алғаш рет бұл лауазымды әйел адам атқармақ

Сюзи Уайлс пен Дональд Трамп
Сюзи Уайлс пен Дональд Трамп. Фото: Evan Vucci-Pool/Getty Images

Дональд Трамптың сайлауалды науқанының жетекшісі Сьюзи Уайлс ұлықтау рәсімінен кейін Ақ үй қызметкерлерін басқарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Уайлс бұл қызметтегі алғашқы әйел болмақ.

"Сьюзи Уайлс маған Америка тарихындағы ең үлкен саяси жеңістердің бірін алуға көмектесті және менің 2016 және 2020 жылдардағы сәтті науқанымның ажырамас бөлігі болды", - деді Трамп мәлімдемесінде.

Жаңадан сайланған президент Уайлсты "қатал, ақылды және тәжірибелі" деп сипаттады.

"Сьюзи Американы қайтадан ұлы елге айналдыру үшін тынымсыз еңбек етуді жалғастырады. Сьюзидің Америка Құрама Штаттарының тарихындағы аппарат басшысы лауазымдағы алғашқы әйел болғаны — лайықты мәртебе. Оны еліміз мақтан ететініне күмәнім жоқ",- деді Трамп.

Басылым Сьюзи Уайлсты тәжірибелі саясаткер деп санайтынын атап өтті. Ол Трамптың бұған дейін президент мерзіміндегі соңғы кездері іс жүзінде аппарат басшысы қызметін атқарды, содан кейін 2024 жылғы сайлау науқанын жүргізді.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Айта кетейік, Уайлс – Трамппен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан санаулы адамдардың бірі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.