jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Кубада екі күшті жер сілкінісі болды (фото, видео)

Кубадағы жер сілкінісінің салдары
Кубадағы жер сілкінісінің салдары. Фото: x.com/carantosan

Кубаның Сантьяго-де-Куба және Гранма провинцияларында екі күшті жер сілкінісі болды. Көшкін жүріп, үйлер мен электр желілері зақымдалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кубадағы екі күшті жер сілкінісі инфрақұрылымның бұзылуына әкелді, бұл туралы ел президенті Мигель Диас-Канель Бермудестің X әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтылған.

"Ұлттық қорғаныс кеңесі соңғы жер сілкінісінен зардап шеккен Сантьяго-де-Куба және Гранма провинцияларындағы партияның бірінші хатшыларымен байланысқа шықты. Көшкін болды, үйлер мен электр желілері зақымдалды", - деп жазды Диас-Канель.

Екінші жазбада президент зардап шеккен провинциялардың тұрғындарын далаға шығып, ашық жерлерде болуға шақырды.

"Біз қалпына келтіруді бастау үшін залалды бағалауды бастаймыз. Ең алдымен адамдардың өмірін сақтап қалуымыз керек", - деп жазды ол.

Кубада екі күшті жер сілкінісі болды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.