jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

WSJ: Трамп бұрынғы қарсыласын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындауы мүмкін

Марко Рубио
Марко Рубио. Фото: Christian Monterrosa/Bloomberg via Getty Images

Шетелдік БАҚ-та АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы туралы ақпарат пайда болды, оны Трамп президент қызметіне ресми кіріскеннен кейін тағайындайды. Трамптың 2016 жылы президент сайлауында қарсыласы Марко Рубио мемлекеттік хатшы болуы мүмкін, деп хабарлайды WSJ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • WSJ басылымының мәліметінше, АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп Флоридадан сенатор Марко Рубионы мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынуы мүмкін.
  • Рубио бұрын Трамптың сыншысы болғанымен, кейін оның президенттік науқанының белсенді қатысушысына айналды және АҚШ-тың бас дипломаты ретінде қызмет еттін алғашқы латын америкалық азамат.
  • Трамп Том Хоманды шекараны бақылау мен заңсыз мигранттарды депортациялау лауазымына жауапты етіп, ал Элиз Стефаникті АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі етіп тағайындауды жоспарлап отыр.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ-тың 47-ші президенті Флоридадан сенатор Марко Рубионы мемлекеттік хатшылыққа ұсынбақ. Саясаткер бұрын Дональд Трамптың сыншысы болғаны, сонымен қатар 2016 жылғы президенттік сайлаудағы бәсекелестерінің бірі болғаны хабарланды.

Осы жылдар ішінде саясаткерлер одақтас болды, Рубио Трамптың президенттік науқанының белсенді қатысушысына айналды. Сондай-ақ WSJ мәліметінше, ол Дж.Д.Вэнстің орнына АҚШ вице-президенті лауазымына қарастырылған.

Рубионың АҚШ-тың бас дипломаты ретінде қызмет ететін алғашқы латын америкалық болатыны баса айтылды.

Айта кетейік, Дональд Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін кадрлық өзгерістер жасайтыны туралы ақпарат тарады. Мысалы, жақында сарапшылар АҚШ-та Білім министрлігі таратылуы мүмкін бе деген мәселені талқылады.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Сонымен қатар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың екі негізгі тағайындау туралы хабарлады.

Трамп бұған дейін президент болған кезде АҚШ иммиграция және кедендік бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған Том Хоман шекараны бақылауға және заңсыз мигранттарды депортациялауға жауапты болады.

Ал Нью-Йорктегі Өкілдер палатасының мүшесі Элиз Стефаник АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болмақ.

WSJ: Трамп бұрынғы қарсыласын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындауы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.