jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Испанияның оңтүстігінде тағы су тасып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді

Су басқан Малага көшелері
Испаниядағы нөсер жаңбыр салдары. Фото: Angel Martinez/Getty Images

Испанияның теңізге жақын өңірлерінде толассыз жауған нөсерге байланысты мыңдаған адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, елдің оңтүстігінде орналасқан Малага төңірегінде 4 мыңнан аса адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған. Өңірде жаңбырдың бір айлық көлемі шамамен бір сағаттың ішінде түсіп, соның салдарынан Малага қаласы мен басқа да елді мекендерді су басқан. Андалусия провинциясында бес ауданның тұрғындары су тасу қаупіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген.

Испания метеорология агенттігі Андалусия мен Каталония өңірлерінде төтенше жағдай жариялады. Малага-Мадрид арасындағы темір жол байланысы уақытша тоқтады. Малага провинциясында, сонымен бірге Валенсияда бейсенбі барлық мектеп жабылды.

Жаңбыр әлі тоқтаған жоқ. Синоптиктердің болжауынша, Испанияның оңтүстігіне қарай тағы бір нөсер келе жатыр. Ол Малагадан Валенсияға дейінгі аралықты қамтып өтеді.

Испания екі апта бұрынғы жойқын су тасқынынан әлі есін жиып үлгерген жоқ. Сол кезде табиғат апатынан 220-дан аса адам қаза болған.

Өткен демалыс күндері Валенсия тұрғындары наразылық акциясына шығып, өңір басшысы Карлос Масонның биліктен кетуін талап еткен. Акцияға шамамен 130 мың адам жиналған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Испанияның оңтүстігінде тағы су тасып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.