Трамп АҚШ денсаулық сақтау министрлігі басшысы лауазымына вакцинацияға қарсы адамды ұсынды
Жарияланған күні:
Трамп Денсаулық сақтау министрлігі басшысы лауазымына Джон Кеннедидің жиені және сайлаудағы бұрынғы бәсекелесі кіші Роберт Кеннедидің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мұндай мәлімдемені Трамп X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Кіші Роберт Ф. Кеннедиді АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету (HHS) министрі ретінде қуана жариялаймын.
Тым ұзақ уақыт бойы америкалықтар қоғамдық денсаулыққа келгенде алдаумен, жалған ақпаратпен және манипуляциямен айналысқан өнеркәсіптік азық-түлік кешені мен фармацевтикалық компаниялар кесірінен зардап шекті.
Барлық америкалықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы кез келген әкімшіліктің басты басымдығы болып саналады және HHS барлығын осы елдің денсаулық дағдарысына ықпал еткен зиянды химиялық заттардан, ластаушы заттардан, пестицидтерден, фармацевтикалық препараттардан және диеталық қоспалардан қорғауды қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады", - деп жазды Трамп.
Ол кіші Кеннеди "созылмалы аурулар эпидемиясын тоқтатып, Американы қайтадан ұлы және сау етеді" деді.
Айта кетейік, 70 жастағы кіші Роберт Кеннеди бұрынғы Нью-Йорк сенаторы және АҚШ бас прокуроры Роберт Кеннедидің ұлы, сондай-ақ 1963 жылы өлтірілген АҚШ президенті Джон Кеннедидің жиені.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2187681-tramp-aqsh-densaulyq-saqtau-ministrligi-basshysy-lauazymyna-vaktsinatsiiaga-qarsy-adamdy-usyndy/