jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

101 жастағы жапон ханшайымы қайтыс болды

Юрико Микаса
Юрико Микаса. Фото: Asahi Shimbun via Getty Images

Императорлық үй басқармасы 101 жастағы жапон ханшайымы Юрико Микаса қайтыс болғанын жеткізді. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Микаса 15 қарашада таңертең қайтыс болды. Ол императорлық отбасының ең жасы үлкен мүшесі болған.

Басылым мәліметінше, Юрико Микаса қазіргі император Нарухитоның атасы император Хирохитоның інісі – ханзада Такахитоның әйелі.

Осы жылдың наурыз айының басында ханшайым церебральды инфаркт және аспирациялық пневмония диагнозымен Токиодағы Әулие Луки халықаралық ауруханасына жатқызылған.

Ханшайымның 75 жыл отасқан күйеуі ханзада Микаса 2016 жылы дүние салған.

Юрико Микаса күйеуінің қазасынан кейін араға сегіз жыл салып дүниеден озды. Ол қайтыс болғаннан кейін жапон императорлық отбасы мүшелерінің саны 16-ға дейін қысқарды, деп жазады басылым.

101 жастағы жапон ханшайымы қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.