Құны – 1,27 млрд доллар: Британия музейіне соңғы 300 жылда алғаш рет құнды жәдігерлер тарту етілді
Жарияланған күні:

Британ музейіне құны шамамен 1 миллиард фунт стерлинг (1,27 млрд доллар) болатын 1700 қытай фарфоры сыйға тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Телеарна мәліметінше, музей соңғы 300 жылда алғаш рет осындай құнды экспонаттарға ие болып отыр.
Қытай фарфорынан дайындалған бұйымдарды музейге Персиваль Дэвид қоры тапсырған. Коллекция 2009 жылдан бері Британ музейінде тұрған. Олардың арасында XI-XV ғасырларда дайындалған көне қолөнер туындылары бар.
Осылайша ағылшын музейіндегі қытай фарфорынан жасалған экспонттар саны 10 мыңнан асқан.
1892 жылы туған ағылшын кәсіпкері Персиваль Дэвид қытай өнер туындыларын жинаумен шұғылданған.
Фарфор алғаш рет Қытайда шамамен біздің заманымызға дейін 600 жылы өндірілген. Қыш бұйымдары император сарайы, сонымен бірге ішкі және сыртқы нарыққа шығару үшін дайындалған.
Автор: Талғат Дүйсенбек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2187767-quny-1-27-mlrd-dollar-britaniia-muzeiine-songgy-300-zhylda-algash-ret-qundy-zhadigerler-tartu-etildi/