jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Пашинян билікке келгелі алғаш рет сақал-мұртын қырды (видео)

Никол Пашинян
Сақал-мұртын қырған Никол Пашинян. Скриншот: Telegram / Nikol_Pashinyan

Армения премьер-министрі Никол Пашинян билікке келгелі бері алғаш рет сақал-мұртын қырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Саясаткер қырынғаннан кейін түсірген видеоны өзінің жеке телеграм-арнасына жариялады.

"Сәлем, ақ шалған сақал", - деп жазды Пашинян.

Монтаждалған кадрларда премьер сүлгіні бетіне басып тұрып, кейін оны алған уақытта жаңа ғана қырынғаны көрінеді. Видео соңында Пашинян камераға қарап, көзін қысады.

Саясаткер имиджін неге өзгерткенін түсіндірмеді.

2018 жылғы көктемде Арменияда билік ауысып, премьер-министр болып сайланған уақыттан бері Никол Пашинян сақал-мұртын қырмаған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Пашинян билікке келгелі алғаш рет сақал-мұртын қырды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.