jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Испанияда қарттар үйі өртеніп, 10 адам қаза тапты

Таяққа сүйенген қария
Таяққа сүйенген қария. Көрнекі фото: Pixabay.com

Испаниядағы Сарагоса қаласына жақын маңда орналасқан қарттар үйі өртеніп, кем дегенде 10 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жараланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Телеарна ақпаратынша, Сарагосадан 28 шақырым жердегі Вильяфранка де Эбро елді мекенінде орналасқан қарттар үйі жұма күні таңертең өртенген.

Жергілікті билік кем дегенде 10 адамның қаза тапқанын, екі адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Қарттар үйінде 82 адам тұрады. Мұнда деменцияға ұшырағандар, психикалық ауытқуы барлар емделеді.

Вильяфранка де Эбро мэрі Волга Рамирес он адамның неден қайтыс болғанын журналистерге түсіндірді.

"Олар өрттен емес, ыстан уланып қаза тапқан", - дейді Рамирес.

Аймақта жұмаға белгіленген үкіметтік шаралардың бәрі кейінге шегерілді. Испания премьер-министрі Петро Санчес қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Испанияда қарттар үйі өртеніп, 10 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.