jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Солтүстік Корея басшысы әскерді соғысқа дайындауды тапсырды

Ким Чен Ын
Ким Чен Ын. Фото: kcna.kp

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Корей халық армиясы командирлері мен саяси жетекшілерінің слетінде сөз сөйлеп, әскердің соғысқа толық дайын болуын қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы "ТАСС" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Корей орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Корей халық армиясының төртінші слеті 14-15 қарашада Пхеньянда өткен. Мұндай шара соңғы рет 10 жыл бұрын ұйымдастырылған.

Солтүстік Корея жетекшісі 15 қарашада сөйлеген. Басылым мәліметінше, Ким Чен Ын "жау күштерінің, АҚШ пен қуыршақ Корея Республикасының антиреспубликалық әскери майдандасуы Корей түбегіндегі жағдайды шиеленістіріп, қауіп төндіріп тұр" деп мәлімдеген. Соған байланысты Ким Чен Ын елдің қарулы күштерін соғысқа дайындауға тапсырма берген.

"Біз мемлекеттің ядролық қаруы бар қорғаныс күштерін жеткен жетістіктерге қанағаттанбай, одан әрі нығайтуды жалғастырамыз", - деп мәлімдеген Ким Чен Ын.

Осының алдында, CNN мәліметінше, Солтүстік Корея басшысы жарылғыш орнатылған дрондар өндірісін қолға алуды тапсырған.

Батыс елдерін КХДР-дың Ресеймен әскери байланысының артып бара жатқаны алаңдатып отыр. 12 қарашада АҚШ мемлекеттік департаменті Солтүстік Кореяның 10 мың жауынгері Ресейге жіберілді, олар Украина қарымта шабуыл ұйымдастырған Курск облысындағы ұрысқа кірісіп кетті деп хабарлаған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Солтүстік Корея басшысы әскерді соғысқа дайындауды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.