Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский АҚШ-тан Ресей аумағына америкалық зымыранмен шабуылдауға рұқсат алғаны туралы мәлімдеді

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский: Spencer Platt/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский дәстүрлі кешкі үндеуінде Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат алғаны туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Ресей қорғаныс министрлігі Storm Shadow британ зымырандарын атып түсіргенін хабарлады

Осының алдында CNN телеарнасы АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға қашыққа ұшатын америкалық қаруларды Ресей аумағында пайдалануға рұқсат бергенін жазған. Ақ үй мұндай шешімді Мәскеудің Ресейдің оңтүстігіндегі Курск өңіріне 50 мыңға жуық жауынгер жіберуінен кейін қабылдаған. Биыл жазға Киев күтпеген жерден Курск өңірінде қарымта шабуыл ұйымдастырған. Кремль сол аумақты қайтаруға күш салып жатыр.

"Украинаны күшейту жоспары – менің әріптестерге ұсынған Жеңіс жоспарым. Құжаттың басты тармағының бірі армиямыздың қашыққа жетуін қамтиды. Бүгін ақпарат құралдарының дені біздің қарымта шабуылға рұқсат алғанымыз туралы жазып жатыр. Бірақ соққы сөзбен жасалмайды. Мұндай нәрселерді жариялаудың өзі артық. Зымырандар өзі-ақ жауап береді. Міндетті түрде", - деп мәлімдеді Украина президенті Telegram-арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айында Жоғарғы радада баяндама жасап, "жеңіс жоспарын" әзірлегенін, сонымен қыркүйектің аяғында АҚШ-қа барып қайтқанын айтқан. Жоспар әлі күнге дейін ресми түрде жарияланған жоқ. Құжат бес тармақтан және үш құпия қосымшадан тұратыны мәлім. Солардың бірі Ресей аумағына соққы жасауға салынған тыйымды алып тастауды қарастырады. Осы тараудың қосымшасы бар екені айтылған.

Құрама Штаттар соғыстың алғашқы екі жылында Украинаға ATACMS зымырандарын бермей келген, бірақ кейін Байден қашыққа ұшатын ол зымыранды Украина аумағында ғана қолдануға рұқсат берген. Әскери тактикалық жүйе АҚШ-тан Украинаға биыл сәуірде жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2188713-zelenskii-aqsh-tan-resei-aumagyn-shabuyldauga-ruqsat-algany-turaly-malimdedi/