jitsu gif

"АҚШ-тың ұрысқа тікелей араласуы": Ресей СІМ ATACMS зымырандарына қатысты мәлімдеме жасады

ATACMS ракетасы
ATACMS зымыраны: lockheedmartin.com

Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат бергені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мекеме ұстанымын Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова жеткізді. Оның айтқандарын министрліктің Telegram-арнасы жариялады.

Захарованың мәлімдеуінше, АҚШ-тың ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат бергені туралы мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Алайда, ол ақпарат түбі расталса, Ресей соққыларға жауап қайтарады, деп мәлімдеді Захарова.

"Киевтің қашыққа ұшатын зымырандарды біздің аумақты атқылау үшін қолдануы АҚШ пен оның сателлиттерінің Ресейге қарсы әскери қимылдарға тікелей араласқанын, сонымен бірге жанжал мәнінің түпкілікті өзгеріп шыға келгенін білдіреді. Мұндай жағдайда Ресей қарымта жауап қайтарады", - деді Ресей СІМ өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада батыстың белді басылымдары АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қашыққа ұшатын америкалық қаруларды Ресей аумағында пайдалануға рұқсат берді деп хабарлаған. Ақ үй мәліметті әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Құрама Штаттар соғыстың алғашқы екі жылында Украинаға ATACMS зымырандарын бермей келген, бірақ кейін Байден қашыққа ұшатын ол зымыранды Украина аумағында ғана қолдануға рұқсат берген. Әскери тактикалық жүйе АҚШ-тан Украинаға биыл сәуірде жеткізілген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.