jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Путин Ресейдің жаңа ядролық доктринасын мақұлдады

Ресей басшысы Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Vyacheslav Prokofyev / POOL / AFP via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің ядролық қаруды тежеу саласындағы мемлекеттік саясатының негіздерін бекітті. Құжатқа қол қойылып, жарлық бүгіннен бастап өз күшіне енді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жарлық қол қойылған күннен, яғни 19 қарашадан бастап өз күшіне енеді.

Ресейге және оның одақтастарына қарсы шабуыл жасауы мүмкін жауға тосқауыл болу – Ресейдің ядролық қаруды тежеу саласындағы саясатының негізіне айналған ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі.

Құжатта әскери коалиция құрамындағы кез келген мемлекеттің Ресейге немесе оның одақтастарына қарсы агрессиясы тұтастай алғанда осы коалицияның агрессиясы ретінде қарастырылатыны айтылған.

Бұған дейін Зеленский АҚШ-тан Ресей аумағына америкалық зымыранмен шабуылдауға рұқсат алғаны туралы мәлімдеген болатын. Айта кетерлік бір жайт, АҚШ әкімшілігі әзірге мұндай шешім қабылданғанын ресми түрде жариялаған жоқ.

Алайда Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат бергені туралы ақпаратқа түсініктеме беріп үлгерді.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
Путин Ресейдің жаңа ядролық доктринасын мақұлдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.