jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Абхазия парламенті президент Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады

Аслан Бжания
Аслан Бжания. Фото: presidentofabkhazia.org

Абхазия парламенті президент Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады, бұл шешімге 28 депутат дауыс берді. Оның міндетін уақытша Бадра Гунба атқарады, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Абхазия парламенті президент Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады. Бұл шешімді 28 депутат қолдап, 1 депутат қарсы болған.

Сондай-ақ қазіргі вице-президент Бадра Гунбаның Абхазия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны хабарланды.

Еске салсақ, бұған дейін Абхазия президенті Аслан Бжания отставкаға кету туралы өтініш берген. Республика билігі мен оппозиция келіссөздер барысында осындай шешімге келген еді.

Айта кетейік, Абхазияда бір аптадан бері наразылық басылмай отыр. Барлығы 12 қарашада Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялауға қарсы болған бірнеше оппозиционердің ұсталуынан басталды. Олар ұсталған соң елде жаппай тәртіпсіздіктер басталып, республикалық жолдар жабылды.

Абхазия парламенті президент Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.