jitsu gif

Дубайда салмағы 300 кг тартатын әлемдегі ең үлкен алтын құймасы таныстырылды (видео)

Алтын
Алтын құймасы.Видеодан скриншот: instagram.com/emiratesminting

Emirates Minting Factory компаниясы әлемдегі ең ірі алтын құймасын таныстырды. Салмағы 300 кг тартатын құйма Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәліметті ТАСС агенттігі Біріккен Араб Әмірлігі үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратты.

"Emirates Minting Factory Дубай үшін жаңа әлем рекордын орнатты. Компания салмағы 300 келіден асатын ең үлкен алтын құймасын дайындады. Гиннестің рекордтар кітабының куәлігі Дубайда бағалы металдар жөніндегі конференцияның жабылу салтанаты барысында табысталды", - деп хабарлаған Дубай билігі.

Emirates Minting Factory компаниясының Дубайда металл тазалайтын зауыты бар. Кәсіпорын бір тәулікте 100-1200 кг алтын мен күміс құяды.

Айта кетейік, 21 қарашадағы бағам бойынша, 1 грамм алтын 289,45 теңге, ал 1 кг алтын 289 448,27 теңге тұрады. 300 кг алтынның құны – 86 млн 834 мың 481 теңге.

Дубайда салмағы 300 кг тартатын әлемдегі ең үлкен алтын құймасы таныстырылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.