jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Корея өкілі Солтүстік Корея әскерін соғысқа жіберіп, орнына Ресейден қару алған деп мәлімдеді

Шин Вон Сик
Оңтүстік Корея шенеунігі Шин Вон Сик: Asanka Brendon Ratnayake-Pool/Getty Images

Солтүстік Корея жауынгерлерін Украинаға қарсы соғысқа жіберіп, оның орнына Ресейден қару-жарақ алған болуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жұма күні Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Шин Вон Сик жергілікті SBS телеарнасына сұқбат беріп, Мәскеу мен Пхеньян арасындағы келісім мазмұнына қатысты болжамын айтты.

"Солтүстік Корея әлсіз әуе қорғанысын күшейту мақсатында зенитті зымырандар мен құрал-жабдықтар алған", - деп мәлімдеді Син.

Шенеуніктің айтуынша, Ресей сонымен бірге Пхеньянға әскери тыңшы спутниктер технологиясын беріп, экономикасына қолдау көрсетеді.

Солтүстік Кореяның 11 мыңға жуық сарбазы Ресейдің Курск облысына орналастырылған болуы мүмкін. Олардың бірқатары Украинаға қарсы соғысқа қатысып үлгерген. Бұл туралы сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның екі депутаты мәлімдеген. Олар барлау агенттігінің дерегіне жүгінген.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Шин Вон Сиктің айтуынша, Солтүстік Корея содан бері Ресейге қосымша әскер жібермеген.

Осының алдында The Wall Street Journal басылымы Ресейдің Курск облысында Солтүстік Корея әскерінің бір генералы жараланғанын хабарлады. Басылым дерегінше, Курскідегі Пхеньян жасағына генерал Ким Ен Бок қолбасшылық етеді.

Оңтүстік Корея өкілі Солтүстік Корея әскерін соғысқа жіберіп, орнына Ресейден қару алған деп мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.