Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

НАТО: Ресейдің жаңа қару пайдалануы Украинадағы соғыс барысына әсер етпейді

Жарияланған күні:

НАТО туы
НАТО туы. Көрнекі сурет: picture alliance / Contributor / Getty Images

НАТО өкілі Фарах Дахлаллах Ресейдің орта қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранды пайдалануы Украинадағы соғыс барысына әсер етпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Германия канцлері Шольц "Киевтен Путинге жолдауын" жариялады

"Мұндай кешенді пайдалануы соғыс барысына еш әсер етпейді, НАТО-дағы одақтастардың Украинаны қолдауын тежей алмайды", - деп мәлімдеді Дахлаллах.

Ол Кремльдің жаңа баллистикалық қару қолдануын "Ресейдің украин қалаларына шабуылдап жатқанының тағы бір мысалы" деп атады.

Солтүстікатлантикалық альянс өкілі Ресейді "Украинаның бейбіт тұрғындарын қорқытып, Киев одақтастарына "қоқан-лоқы жасағанын" айыптады.

Осының алдында Ақ үй Ресейдің жаңа зымыран қолдануы АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатына әсер етпейтінін хабарлаған. "Біз Украинаны қолдауды жалғастыра береміз", - деп мәлімдеген Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Еске салсақ, бейсенбі Ресей президенті Владимир Путин арнайы үндеуінде орта қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық "Орешник" зымыранымен Украинаға соққы бергенін мәлімдеген.

Украина президенті Владимир Зеленский Кремльдің жаңа қару қолдануын "соғысты одан әрі шиеленістірудің тағы бір қадамы" деп атаған.

21 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Storm Shadow британ зымырандарын атып түсіргенін хабарлады.

17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қашыққа ұшатын ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын шабуылдауға рұқсат бергені мәлім болған. Екі күннен соң, 19 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Украина Брянск облысын америкалық алты ATACMS зымыранымен атқылағанын, соның бесеуі жойылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190969-nato-reseiding-zhanga-qaru-paidalanuy-ukrainadagy-sogys-barysyna-aser-etpeidi/