Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кулеба Украинадағы қақтығысты тез аяқтауға кедергі келтіретін басты үш себепті атады

Жарияланған күні:

Дмитрий Кулеба
Дмитрий Кулеба. Фото: Valentyn Ogirenko / X03345 / AFP via Getty Images

Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба CNN-ге берген сұхбатында Украинадағы қақтығысты тез арада тоқтатуға кедергі келтіріп тұрған үш негізгі факторды атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Зеленский соғыста қанша украиналық жауынгер қаза тапқанын айтты

"Біріншіден, Зеленский ешқандай қысымға қарамастан өз орнынан кетпейді. Екіншіден, Украина шұғыл шешімдерге келісім бермейді. Үшіншіден, мен барлығына бейбітшіліктің кілті Киевте емес, Мәскеуде екенін еске салғым келеді", - деді Кулеба.

Журналист одан "АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Украинадан аумақтарынан бас тартуды талап етуі мүмкін бе?" деп сұрады.

Кулеба бұл сұраққа жауап бере отырып, Киевтің Ақ үйдің жаңа басшылығына қатысты ешқандай иллюзиясы жоқ екенін айтты және талқылауды "Украина не қабылдауға дайын" дегеннен емес, "келісімге келу үшін Ресей не істейді" деген сұрақтан бастау қажет екенін жеткізді.

"Мен украиналықтардың соңғы жасалған соққыға қатысты алаңдаушылығын жасырмаймын", - деп қосты Кулеба.

Бұған дейін Ресей келіссөздерге дайын екенін айтып, шарттарын ұсынған болатын. Олар Киевтің Қырым, Херсон, Запорожье, Донецк пен Луганск облыстарынан бас тартуын, халықаралық санкциялардың жойылуын және Украинаның НАТО-ға қосылудан бас тартуын талап етіп отыр.

Украина болса бұрынғы шекараларын қайтарып, Ресейден қауіпсіздік кепілдігін алуды талап етеді.

Президент Зеленский қақтығысты "тез арада шешу" идеясын "Украина үшін жеңіліс" деп бағалайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2191781-kuleba-ukrainadagy-qaqtygysty-tez-aiaqtauga-kedergi-keltiretin-ush-basty-sebepti-atady/