Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CNN: Израиль премьер-министрі Ливанмен атысты доғару келісімін мақұлдады

Жарияланған күні:

Бейрут
Бейрут. Көрнекі фото: pexels.com

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Хезболла" атысты доғаруды көздейтін келісім-шарт жобасын мақұлдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Сириялық қарулы бүлікшілер Алеппоға кіргенін мәлімдеді

Телеарнаның Таяу Шығыстағы жағдаймен жақынырақ таныс дереккөздерінің мәлімдеуінше, Нетаньяху жексенбі күні кешке Израиль шенділерімен қауіпсіздік мәселесі жөніндегі жиналыста осындай шешім қабылдаған.

Дегенмен, дереккөздің айтуынша, Израильдің әлі де болса құжат жобасының кейбір талаптарына қатысты күмәні бар. Тель-Авив соларға қатысты ұсыныстарын дүйсенбі күні Ливан үкіметіне жолдауды жоспарлап отыр.

Осы және басқа да мәселелер әлі талқыланып жатыр. Дереккөздер барлық мәселе шешілмейінше келісім-шарт қабылданбайды деп есептейді.

Атысты доғару туралы құжатты Израиль үкіметі бекітуі керек, бірақ әлі ондай шешім қабылданған жоқ. Алайда, келіссөздер барысымен таныс дереккөздердің айтуынша, тараптар ортақ келісімге келуге ниеттеніп отыр. Дей тұрғанмен, Израиль мен "Хезболла" бір-бірін айыптауды да ұмытпайды. Бір ғана бұрыс қадам келіссөздердің үзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін, деп ескертеді дереккөздер.

Кейінгі бірнеше күнде "Хезболла" атысты 60 күнге доғару туралы АҚШ ұсынысын қарастырып жатыр. Соның негізінде атыс мүлдем тоқтауы мүмкін деп үміттенетіндер жоқ емес.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль Ливандағы ірі шабуылын қыркүйектің ортасында бастады. Екі ел арасында шекарадағы атыс былтыр 8 қазанда басталды. Сол күні "Хезболла", ХАМАС пен Газа секторындағы палестиналықтарды қолдау мақсатында, Израиль бақылауындағы аймақтарды атқылаған.

Содан бері Израиль құрлықта да әскери шабуыл бастап, "Хезболланың" бірнеше қолбасшысын өлтірді. Бұған қоса, Израиль жарылғыш орнатылған пейджерлердің көмегімен шабуылдап, мыңдаған адамды жаралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2192210-cnn-izrail-premer-ministri-livanmen-atysty-dogaru-kelisimin-maquldady/