jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Мысырда батып кеткен яхтада қай елдердің туристері болғаны белгілі болды

Теңіз бен шағала
Теңіз бен ұшып бара жатқан шағалалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мысырдың Қызыл теңіздегі Марса Алам қаласының жағалауында суға батып кеткен яхтаның бортында 13 елден келген туристер болған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қызыл теңіздегі Мысырдың Марса Алам қаласының жағалауында суға батып кеткен Sea Story яхтасынан 28 адам құтқарылды, тағы 17 адам жоғалған деп саналады.

"Қызыл теңіздің губернаторы Амр Ханафи Марса Алам қаласының оңтүстігінде Sea Story туристік яхтасының батып кетуіне байланысты оқиғадан қазір 28 адамның сәтті құтқарылғанын және із-түзсіз жоғалған 17 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады", - деп мәлімделді провинция үкіметі хабарламасында.

Суға батқан яхтаның бортында 13 елдің – Мысыр, Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия және Финляндия азаматтары болған.

Айта кетейік, бұған дейін NUR.KZ редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен яхтада біздің елдің азаматтары бар-жоғына қатысты мәлімет сұраған болатын.

Мысырда батып кеткен яхтада қай елдердің туристері болғаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.