Титаник суған батқан жылы туған: әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда әлемдегі ең қарт адам – 112 жастағы Джон Альфред Тиннисвуд қайтыс болды. Ер адам өмірінің соңғы жылдарын қарттар үйінде өткізген, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Джон Альфред Тиннисвуд дүйсенбіде соңғы жылдары өмір сүрген Саутпорт үйінде қайтыс болды. Әлемдегі ең қарт адам атағы оған 114 жастағы Хуан Висенте Перес Мора қайтыс болғаннан кейін берілген.
Тиннисвудтың отбасы марқұм өмірінің соңғы күнінде жақындарының махаббатына бөленіп, музыка тыңдағанын айтты.
Телеарна мәліметінше, Джон Альфред Тиннисвуд 1912 жылы 26 тамызда Титаник суға батқан жылы дүниеге келген. 2020 жылы ол Ұлыбританиядағы ең қарт адам атанды.
Ер адам Ада мен Джон есімді ерлі-зайыптының отбасында дүниеге келген. Әйелі Блодвэнді Ливерпульдегі би кешінде кездестіріп, олар 1942 жылы отбасын құрған. Екеуі Сюзан есімді қыз тәрбиелеп өсірген. Блодвэн 1986 жылы қайтыс болған.
Тиннисвудтың төрт немересі мен үш шөбересі бар.
Еске салсақ бұған дейін елімізде 100 жасаған және одан да жасы үлкен 423 тұрғын бар екенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2192777-titanik-sugan-batqan-zhyly-tugan-alemdegi-eng-qart-er-adam-qaitys-boldy/