jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Грузия президентін сайлау әдісі өзгерді: жаңа президент жыл аяғына дейін жұмысқа кіріседі

Грузиядағы парламент сайлауы
Грузиядағы парламент сайлауы. Фото: Giorgi Arjevanidze/Getty Images

Грузия президентін сайлау 14 желтоқсанға белгіленді. Мемлекет басшысын сайлау жаңа әдіспен өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Newsgeorgia басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Билік басындағы "Грузин арманы" партиясының мүшелері президент сайлауын 14 желтоқсанға белгілеуге бірауыздан дауыс берді. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанда өтеді.

Парламент төрағасы Шалва Палушвили сайлау мен инаугурацияны биыл өткізу қажет екенін мәлімдеді, сонда ғана президент мерзімі бес жылға созылады. Ал саяси науқан 2025 жылға қалса, онда президент мерзімі алты жылға созылады.

Билік басындағы партия әзірге президент сайлауына түсетін үміткерін атаған жоқ.

2018 жылдан бері президент қызметін атқарып келе жатқан Саломе Зурабишвилидің орнын басатын адамды сайлау жаңа әдіспен өтеді. Алғаш рет мемлекет басшысын 300 адамнан тұратын алқа сайлайды. Бұл алқаға парламенттің 150 депутаты, аймақтардың 150 делегаты кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазанда Грузияда парламент сайлауы өтіп, "Грузин арманы" партиясы 53,92 пайызбен жеңіске жеткен. Саяси науқанға 18 партия түскен. "Өзгерісті қолдаушы коалиция" оппозициялық қозғалысы – 11,03, "Бірлік – Ұлт қозғалысы" – 10,16, "Мықты Грузия" –8,81, "Грузия үшін " 7,77 пайыз дауыс жинаған. Парламентке өту үшін бес пайыздық межені еңсеру қажет болған.

Оппозициялық күштердің өкілдері сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты. 25 қарашада "Грузин арманы" парламенттің алғашқы отырысын өткізді. Алайда оппозиция оған бойкот жариялады.

Парламент сайлауы нәтижесін қазіргі президент Саломе Зурабишвили де мойындаудан бас тартып, елде жаппай жаппай наразылық басталды.

Грузия президентін сайлау әдісі өзгерді: жаңа президент жыл аяғына дейін жұмысқа кіріседі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.