Маск АҚШ-тың бұрынғы шенеунігін мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады
Жарияланған күні:
Жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтаушысы, миллиардер Илон Маск АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің еуропалық бағытының бұрынғы басшысы Александр Виндманды мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Маск X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады. Ол Виндманның Ресей билігі бұйырғандықтан Илон Маск Дональд Трампты қолдайды деген видеоға осылай жауап берді.
"Украиналық олигархтар Виндманды асырап отыр, ол АҚШ-қа опасыздық жасады, сол үшін тиісті жазасын алады", - деп жазды Маск видеоға жауап ретінде.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Александр Виндман АҚШ қарулы күштерінің отставкадағы подполковнигі және Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы қызметкері. Ол Украинада дүниеге келген, бірақ бала кезінде АҚШ-қа көшкен.
Виндман 2019 жылғы импичмент процедурасы аясында Трампқа қарсы куәлік еткен. Бұған Трамптың Киевті АҚШ әкімшілігінің басшысына 2020 жылы екінші мерзімге сайлануға көмектесу үшін Зеленскийге телефон арқылы қысым жасауы туралы болжамдар себеп болды. Кейіннен Сенат Трампты ақтады.
2020 жылы Виндман отставкаға кетіп, әскери қызметтен кетті. Ол мұны "Трамп пен оның одақтастарынының қорқыту, үркіту және қудалау науқаны" деп түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2193633-mask-aqsh-tyng-buryngy-sheneunigin-memleketke-opasyzdyq-zhasady-dep-aiyptady/