jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Трамптың талпынысын жоюды көздейді": Зеленский Путиннің "Орешник" туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

Украина президент3 Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-дағы арнасында Ресей президенті Владимир Путиннің ҰҚШҰ отырысында сөйлеген сөзіне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жақында Астанада Владимир Путин "Орешник" жүйесі жайлы егжей-тегжейлі баяндап, әскерилердің бұл қаруды жаңа ықтимал шабуылдарда қандай мақсаттарға қолданатынын түсіндірген еді.

Зеленский бұл мәлімдемені "зымыран жарнамасы" әрі "өлтіру мен жоюға дайындықтың белгісі" деп атады.

"Украинаға атылған мыңдаған зымырандарға Путин тағы мыңдаған зымыран қосуды көздеп отырғаны анық. Ол соғысты аяқтауға мүдделі емес, керісінше, басқалардың бұл қақтығысты тоқтатуына кедергі жасауға тырысады.

Путин өзінің "Орешнигін" көрсетіп, Дональд Трамптың президенттік қызметіне кіріскеннен кейін соғысты тоқтату талпынысын жоюға бағытталған қадамдар жасауда. Ол жағдайды одан әрі ушықтырып, Трамптың соғысты тоқтатуына кедергі жасамақ", - деп есептейді Украина президенті.

Сонымен қатар Украина президенті Путиннің бұл әрекетін "АҚШ-қа қысым көрсетудің құралы" ретінде бағалады. Зеленскийдің айтуынша, Путиннің қазіргі қадамдары "АҚШ президентін Ресейдің шарттарын қабылдауға мәжбүрлеуге" бағытталған.

Ресей Украинаға соққы жасау кезінде орташа қашықтыққа ұшатын жаңа "Орешник" қаруын қолданғаны туралы алғыш Путиннің 21 қараша күні шыққан видеоүндеуінен белгілі болды. Әскери-өнеркәсіп нысанына жасалған соққы оны жойды.

"Трамптың талпынысын жоюды көздейді": Зеленский Путиннің "Орешник" туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.