jitsu gif

Қытай АҚШ-қа қарсы санкция енгізді

Қытай туы
Қытай туы. Фото: Рixabay.com

Қытай Құрама Штаттарға қарсы санкция енгізгенін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осының алдында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бүкіл қытай импортына баж салығын 10 пайызға көтеруге уәде берген. Пекин мұндай саясатпен келіспей отыр.

Осы жолы Қытай билігі әскери мақсатта пайдалануы мүмкін деп есептейтін материалдарды АҚШ-қа экспорттауға тыйым салды. ҚХР сауда министрлігінің мәлімдеуінше, галлий, германий, сурьма және тығыздығы жоғары материалдарды (нақты не екені айтылмайды) Құрама Штаттарға жеткізуге болмайды.

Қытай – ауқымы жағынан АҚШ-тың үшінші ірі сауда әріптесі. Оның алдында Мексика мен Канада ғана тұр.

Трамп бұған дейін ел басқарған уақытта Қытаймен "сауда соғысын" да жүргізген.

Қазан айында ол Мексима мен Канада тауарларына – 25, ал Қытай тауарларына 10 пайыз баж салығын енгізуге уәде берген.

Қытай АҚШ-қа қарсы санкция енгізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.