Зектілері

"Біз Ресейде ояндық". Грузияда бір аптаға созылған наразылық белсенділерді қудалаумен аяқталды

Жарияланған күні:

Тбилиция көшелеріндегі полиция
Тбилисидегі полиция. Фото: Vano Schlamov / AFP via Getty Images

4 желтоқсанда, грузин билігінің Еуроодаққа кіру туралы келіссөздерді тоқтату туралы шешіміне қарсы наразылықтың жетінші күні елде белсенділерді ұстау мен қудалау басталды. Полиция оппозиция кеңселері мен белсенділердің үйіне келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құқық қорғаушылар әуелі "Даитове" ("Өзіңе қалдыр") Facebook-тобының әкімшісі Илья Глонтидің пәтеріне кірді. Грузиядағы наразылық акциялары туралы мәліметтердің көбі осы топта жарияланған.

Содан кейін оппозициялық бірелстіктердің кеңселерін тінтіп, белсенділер ұсталып жатқаны туралы мәліметтер көптеп түсе бастады. "Өзгерісті көздейтін коалиция" оппозициялық альянсы жетекшілерінің бірі Ника Гварамия да ұсталды.

Грузия ІІМ "Интерпрессньюс" агенттігіне Гварамия "әкімшілік құқық бұзушылық үшін" үсталғанын хабарлаған.

Коалицияның тағы бір өкілі, белсенді Гела Хасаяны ұстау кезінде күш қолданған. Оны полицияның бірнеше өкілі жабылып ұстаған. Бұған қоса, тағы бірнеше жас белсенді қамауға алынған. Атап айтқанда, наразылыққа белсенді түрде қатысқан "Дафиони" жастар қозғалысының жетекшісі Звиада Цецхладзе ұсталған.

Грузия ІІМ 4 желтоқсанда күш қолдануды ұйымдастырып, соған қатысқан жеті адам ұсталғанын хабарлады. Олар тоғыз жылға дейін сотталуы мүмкін.

"Еуропаға кіреміз деп уәде берген, ал біз Ресейде ояндық, - деп мәлімдеді "Бірлік-Ұлттық қозғалыс" оппозициялық бірлестігі жетекшілерінің бірі Тина Бокучава.

Бірнеше оппозициялық партияның кеңселері мен алты адамның пәтері тінтілген. Сәрсенбі күні кешке Еркіндік алаңында адамдарды ұстап жатты.

Парламент ғимаратына жақын маңдағы наразылық акциясына жиналғандарды да ұстаған болуы мүмкін.

Грузия ІІМ Тбилисидегі ереуілдер барысында 150-ден аса полицей мен инфрақұрылым зардап шекті деп мәлімдеген.

Грузиядағы жаппай наразылық 28 қарашада басталған. Сол күні премьер-министр Ираклий Кобахидзе билік Грузияның 2028 жылдың аяғына дейін Еуроодаққа қосылу жөніндегі келіссөздерді бастамайтынын мәлімдеген.

Грузия ұйымға қосылуға үміткер мәртебесін былтыр желтоқсанда алған, бірақ даулы "Шетел ықпалының тазалығы туралы" заңды қабылдағаннан кейін осы процесс үзіліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2196389-biz-reseide-oiandyq-gruziiada-bir-aptaga-sozylgan-narazylyq-belsendilerdi-qudalaumen-aiaqtaldy/