jitsu gif

Оңтүстік Корея президентіне қатысты тергеу басталды

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: Dado Galdieri/Bloomberg via Getty Images

Оңтүстік Корея полициясы бейсенбі күні ел президенті Юн Сок Ельге қатысты тергеу жүргізе бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге қарағанда, президент "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікке іліккен.

Сәрсенбі күні елдегі партиялардың бірі және белсенділер тобы Юн Сок Ельдің үстінен арызданып, оны бүлік шығарды деп айыптаған.

Сейсенбі күні түнде Оңтүстік Корея басшысы елде әскери режим жариялап, осындай шешім қабылдау себебін республика ішіндегі саяси оқиғалармен байланыстырған.

Президент шешіміне оппозициядағы Демократиялық партия жетекшісі Ли Джэ Мен қарсы шықты. Ол партияластарын парламентке жиналуға шақырды. Кейін парламент әскери режимді алып тастады. Содан кейін алты бірдей партия президентке импичмент жариялауды көздейтін заң жобасын парламентке ұсынды.

Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы және тағы он шенеунік қызметтен кетті. Қорғаныс министрі де отставкаға кеткені хабарланды.

Ал бүгін Оңтүстік Корея Қазақстан қорғаныс министрінің сапарын кейінге қалдырғаны мәлім болды.

Оңтүстік Корея президентіне қатысты тергеу басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.