Зектілері

Макрон қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Эмманюэль Макрон
Эмманюэль Макрон. Фото: STEPHANE DE SAKUTIN/POOL/AFP via Getty Images)

Франция президенті Эммануэль Макрон президенттік мерзімінің соңына дейін, яғни 2027 жылға дейін қызметінде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті BFM телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбі халыққа жолдауында Макрон Францияда оның отставкаға кетуі туралы үндеулерге қарамастан, ол "бес жылдық мандатқа" сайланғанын (мерзімі 2027 жылы аяқталады) және оны "соңына дейін" толық орындауға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар ол премьер-министр қызметінен кеткен Мишель Барньеге алғыс білдіріп, жақын күндері үкіметтің жаңа басшысын тағайындайтынын хабарлады.

Макрон парламентте үкіметке сенімсіздік көрсетуге дауыс берген депутаттарды "тәртіпсіздік орнатуға тырысуда" деп айыптады.

Күні кеше Францияда "Жаңа халықтық майдан" солшыл коалициясы мен "Ұлттық ралли" әсіре оңшыл партиясының депутаттары үкіметке сенімсіздік көрсету мәселесін дауысқа салғаны белгілі болды.

Deutsche Welle жазғандай, бұған премьер-министр Барньенің 2025 жылға арналған әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бюджеті туралы заңды үкімет ұсынған нұсқада парламентте талқылаусыз және дауыс берусіз бекіту туралы шешімі себеп болған.

РБК атап өткендей, бұл – Жорж Помпиду үкіметі отставкаға кеткен 1962 жылдан бергі екінші жағдай.

Бұған дейін Франция парламенті Мишель Барнье кеңсесіне сенімсіздік вотумын жариялағанын еске саламыз. Республика үкіметі 60 жылда алғаш рет осындай жолмен таратылып отыр.

Көп ұзамай Франция президенті Эмманюэль Макрон республика премьер-министрінің министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы өтінішін қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2196926-makron-qyzmetine-qatysty-malimdeme-zhasady/