jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Трамп Капитолийге шабуылдағандарға рақымшылық беруі мүмкін екенін мәлімдеді

Дональд Трамп
Дональд Трамп: Peter Kramer/NBC via Getty Images

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, мемлекет басшысы қызметіне кіріскен алғашқы күні 2021 жылғы қаңтарда Капитолийдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға рақымшылық жариялау мәселесін қарайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Бұл адамдардың өмірі тозаққа айналды", - деп мәлімдеді Трамп NBC телеарнасына берген сұқбатында. Бұл сұқбат жұмада жазылып, жексенбіде эфирге шыққан.

Трамп 20 қаңтардағы инаугурациядан кейін көптеген жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Олардың арасында көші-қон мен экономикаға қатысты жарлықтар да бар.

2020 жылғы президент сайлауынан кейін Капитолийде болған жаппай тәртіпсіздік туралы сауалға жауап берген Трамп әр іс жеке-жеке қаралатынын айтты.

"Бірақ мен бірінші күні-ақ бірден осы іске кірісемін. Олар жылдар бойы лас жерде отыр. Мұндай орын ашылмауы тиіс еді", - дейді жаңа сайланған президент.

Оның айтуынша, арасында "радикал немесе есінен адасқандар болуы мүмкін", сол себепті әр іс мұқият тексеріледі.

Трамп Капитолийдегі тәртіпсіздікті тергеген Өкілдер палатасы комитетінің кейбір мүшесі "түрмеге отыруы тиіс" деп мәлімдеді.

Мәліметтерге қарағанда, жаппай тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша кем дегенде 1572 адамға айып тағылып, 1250-ден астамы сотталған. Олардың кем дегенде 645-і бірнеше күннен бастап 22 жылға дейін бас бостандығынан айрылған. Шамамен 250 адам әлі қамауда отыр.

Трамп Капитолийге шабуылдағандарға рақымшылық беруі мүмкін екенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.