RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі өлім жазасына кесілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен
Ким Ен Хен. Фото: Alex Wong/Getty Images

Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнді бүлік шығарды, билікті асыра пайдаланды деген күдікпен қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ким жексенбіден бері қамауда отыр. Прокурор экс-министрге жиырма күн ішінде айып тағуға тиіс. Бүлік шығарды деген айыппен сотталса, Ким Ён Хён өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Ким – елде әскери режим жариялау ісі аясында ұсталған алғашқы шенеунік. Құқық қорғау органдары оны президент Юн Сок Ёльге төтенше жағдай енгізуге кеңес берді, әскерді Ұлттық ассамблеяға жіберді деп айыптап отыр. Алайда әскер депутаттарға парламент залына кіріп, президент жарлығының күшін жоюға кедергі жасай алмаған. Осылайша Оңтүстік Корея президенті жариялаған әскери режим бар болғаны алты сағатқа созылған.

Ал президент Юнның өзіне және тағы сегіз шенеунікке елден шығуға тыйым салынды.

Ким сейсенбі күні жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, жауапкершілікті өз мойнына алған, жарлықты ғана орындаған сарбаздарды жазғырмауды сұраған.

Оппозициядағы депутаттар көп орынға ие парламент сейсенбі күні Юн мен басқа да лауазымы жоғары шенеуніктердің ісін тергейтін тәуелсіз арнайы прокурор тағайындау жөнінде заң жобасын мақұлдады. Себебі оппозиция прокуратураның істі тиянақты қарайтынына күмән келтіреді. Өйткені Юнның өзі кезінде бас прокурор қызметін атқарған.

Оппозициядағы Демократиялық партия президент Юнға қарсы импичмент жариялау жөніндегі заң жобасын ұсынған, алайда сенбі күні билік басындағы партия депутаттары бойкот жариялап, заң қабылданбай қалды. Бірақ оппозициялық партия импичмент туралы тағы бір өтініш түсіретінін мәлімдеп отыр.

Юнге импичмент жарияланған жағдайда, оның президент қызметіндегі уәкілеті іс сотта қаралып жатқан уақытта тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2198750-ongtustik-koreianyng-buryngy-qorganys-ministri-bulik-shygargany-ushin-olim-zhazasyna-kesilui-mumkin/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif