jitsu gif branding logo appbranding logo app

Оңтүстік Кореяның қамаудағы бұрынғы қорғаныс министрі өз өзіне қол жұмсауға талпынған

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён
Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён. Фото: Celal Gunes/Anadolu via Getty Images

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён Сеулдің шығысындағы тергеу изоляторында өз өзіне қол жұмсауға талпынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

Экс-министрдің бұл әрекетін парламенттің сәрсенбідегі тыңдауы кезінде жабық мекеменің басшысы Шин Ён Хэ баяндап берді. Шенеуніктің айтуынша, мекеменің бір қызметкері шұғыл түрде араласқандықтан Ким Ён Хён "бірден райынан қайтқан". Қазір экс-министрдің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Медициналық тексеру нәтижесі қамаудағы азаматтың денсаулығы жақсы екенін көрсетті", - деп мәлімдеді жергілікті әділет министрлігі.

Министрлік өкілінің жергілікті Рёнхап агенттігіне хабарлауынша, Ким сейсенбіде түнгі сағат 23:52-де, "Донгбу" қамауда ұстау орталығындағы жуынатын бөлмеде іш киімнен жасалған арқанға асылуға талпынған.

Осы оқиға Сеулдегі сот бұрынғы министрді ресми түрде қамауға алу жөнінде шешім шығарар қарсаңында болған. Сот оны бүлік ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен қамаған. Ким Ён Хён жексенбі күні ұсталған.

Прокурор экс-министрге жиырма күн ішінде айып тағуға тиіс. Бүлік шығарды деген айыппен сотталса, Ким Ён Хён өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Ким – елде әскери режим жариялау ісі аясында ұсталған алғашқы шенеунік. Құқық қорғау органдары оны президент Юн Сок Ёльге төтенше жағдай енгізуге кеңес берді, әскерді Ұлттық ассамблеяға жіберді деп айыптап отыр. Президент Юнның өзіне және тағы сегіз шенеунікке елден шығуға тыйым салынды.

Оңтүстік Кореяның қамаудағы бұрынғы қорғаныс министрі өз өзіне қол жұмсауға талпынған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.