jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Трамп болашақ командасына тоғызыншы миллиардерді шақырды

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: instagram.com/RealDonaldTrump

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп миллиардер Томас Барракқа АҚШ-тың Түркиядағы елшісі қызметін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұған дейін Трамп сегіз миллиардерге өз әкімшілігінен қызмет ұсынып үлгерген. Олардың арасында әлемнің ең бай адамы Илон Маск та бар.

Жылжымайтын мүлік саласындағы инвестор Томас Баррак 2016 жылы сайлау науқаны кезінде Трамптың кеңесшісі болған.

АҚШ президентін сайлау 5 қарашада өтті. Саяси науқанда республикашыл Дональд Трамп вице-президент Камала Харристі жеңді. Дональд Трамп инаугурациясы 2025 жылы 20 қаңтарда өтеді.

Бұған дейін Трамп сегіз миллиардерге өз әкімшілігінен орын ұсынған: Илон Маск, Джаред Айзекман, Вивек Рамасвами, Джаред Кушнер, Уоррен Стивенс, Линда Макмэн, Говард Лютник және Келли Леффлер. Осылардың бәрінің ортақ байлығы 340 миллиард доллардан асады.

Трамп болашақ командасына тоғызыншы миллиардерді шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.