jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иранның рухани жетекшісі Сириядағы жағдайды АҚШ пен Израильдің жоспары деп атады

Иран рухани көшбасшысы
Әли Хаменеи. Фото: Сейіт Әли Хаменеи кеңсесінің ақпараттық блогы

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Сириядағы жағдайды АҚШ пен Израильдің бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сирияда болған оқиғалар Америка мен Израильдің ортақ жоспары екені сөзсіз", - деп келтіреді РИА Новости Хаменеидің сөзін.

Сонымен қатар аятолла Сириядағы қақтығыстарға елдің көршілес мемлекеттерінің бірі де ықпал етті деп есептейді.

Еске сала кетсек, Сирия астанасы бірнеше ірі қалаларымен бірге көтерілісшілердің бақылауына өткені туралы хабарланған болатын. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеп, Сирияда Башар Асад жүйесінің құлауын "әділетті" деп бағалады. Бұл оқиғалардан кейін Башар Асад Мәскеуге отбасымен барғаны белгілі болды. Ресей билігі оған саяси баспана берді.

Сирияның уақытша үкіметінің басшысы Мұхаммед әл-Башир жақында теледидар арқылы үндеу жасап, елдің күйреуіне жол бермеу және тұрақтылықты сақтау міндетін алға қойғанын мәлімдеген еді.

Иранның рухани жетекшісі Сириядағы жағдайды АҚШ пен Израильдің жоспары деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.