jitsu gif branding logo appbranding logo app

CBS News: Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді өзінің инаугурациясына шақырды

Дональд Трамп пен Си Циньпин
Дональд Трамп пен Си Циньпин. Фото: Kyodo News Stills via Getty Images

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп ҚХР басшысы Си Цзиньпинді өзінің инаугурациясына шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CBS News-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна осындай мәліметті бірнеше дереккөзден алған. Олар 20 қаңтарда өтетін инаугурация салтанатына басқа да лауазымы жоғары шетел өкілдері қатысатынын айтқан.

Дереккөздер мәліметінше, Трамп Қытай басшысына қарашаның басында шақырту жіберген. Си Цзиньпиннің келіскен-келіспегені әзірге белгісіз.

Мәліметтерге қарағанда, Венгрия президенті Виктор Орбан да президентті ұлықтау салтанатына шақырту алған.

Айта кетерлік жайт, әдетте билікті тапсыру рәсіміне елшілер мен басқа да дипломаттарды ғана шақырады. АҚШ мемлекеттік департаменті мәліметінше, 1874 жылдан бері жаңа президентті ұлықтау кешіне шетел басшылары қатыспаған.

Құрама Штатар президентінің инаугурациясы 2025 жылы 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді. Трамп елдің 47-президенті атанады.

Естеріңізге сала кетейік, Си Цзиньпин Дональд Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтаған.

Жақында Трамп БРИКС елдерінің тауарларына жүз пайыз баж салығын енгізем деп қорқытқан. БРИКС ұйымына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы кіреді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.