jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда төтенше жағдайлар министрлігінің экс-басшысы ұсталды (фото)

Кісенделген азамат
Фото: Polisia.kz

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің мәліметінше, күдікті бұрын Жогорку Кенеш депутаты және Жалал-Абад облысының губернаторы қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары "Қырғызтрансавто" мемлекеттік акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымында болған кезінде ол бірқатар заңсыз әрекеттерге барған деп күдіктелуде.

"Ол мемлекет қаражаты есебінен 'Тоқшұлық' мемлекеттік акционерлік қоғамының акцияларын сатып алып, кейіннен Балықшы ет комбинатының жылжымайтын мүлкін заңсыз жекешелендірген. Бүгінде бұл мүліктің құны 626 миллион сомға бағаланып отыр", – деп хабарлады комитет.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің әрекеттеріне қатысты тергеу жалғасуда. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық схемасына басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Заңсыз жекешелендірілген мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қолға алынған.

Қырғызстанда төтенше жағдайлар министрлігінің экс-басшысы ұсталды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.