jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-тың Dark Eagle гипердыбыс зымыраны алғаш рет сынақтан сәтті өтті

Dark Eagle гипердыбыс зымыраны
Dark Eagle гипердыбыс зымыраны. Фото: АҚШ қорғанысы министрлігі

Пентагонның хабарлауынша, қашыққа ұшатын Dark Eagle гипердыбыс зымыраны сынақтан сәтті өтті. Қару 2025 жылдан бастап армияға жеткізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сынақ 12 желтоқсанда Флориданың шығысында Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында өтті. Қашыққа ұшатын Dark Eagle гипердыбыс зымыраны (Long Range Hypersonic Weapon, LRHW) сынақтан сәтті сыналды, деп хабарлады Пентагон.

"Осы қаруды армияға жеткізбестен бұрын, оны әскери теңіз күштерінің судағы және су астындағы кемелерінде де орналастырып, әлемдегі ең қуатты күш болып қала беру үшін жұмыс істеп жатырмыз", - дейді АҚШ әскери теңіз күштерінің министрі Карлос дель Торо.

Зымыранды Lockheed Martin корпорациясы дайындаған. Ол жойқын соққымен қорғаныс бекінісін жойып жібере алады. Dark Eagle 3 мың шақырымға дейін сағатына 6 мың шақырым жылдамдықпен ұша алады.

АҚШ 2020 жылы шағын және орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою келісімінен шығып, гипердыбыс зымырандарын әзірлеуге кіріскен. Келісім оған мүше елдерге 5,5 шақырымға дейін ұшатын баллистикалық және қанатты зымыранға ие болуға тыйым салады.

2024 жылғы маусым айында АҚШ есеп палатасы армия LRHW гипердыбыс зымырандарын 2025 қаржы жылының басына дейін (1 қазанда басталды) сынақтан сәтті өткізіп үлгермеді деп мәлімдеген.

Департамент есебінше, гипердыбыс зымыаны 31 желтоқсанға дейін сәтті сыналса, онда қарудың алғашқы партиясы 2025 қаржы жылында армияға түсе алады. Қаруды сынау кезінде қандай да бір ақау байқалса, онда жоба кейінге қалуы мүмкін.

АҚШ-тың Dark Eagle гипердыбыс зымыраны алғаш рет сынақтан сәтті өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.