jitsu gif

Макрон француз үкіметін 73 жастағы Байруға сеніп тапсырды

Франция премьер-министрі Франсуа Байру
Франсуа Байру. Фото: Nathan Laine/Bloomberg via Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон "Демократиялық қозғалыс" партиясының жетекшісі Франсуа Байруды премьер-министр қызметіне тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RBC сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Францияда жаңа үкімет басшысы тағайындалғанын BFMTV Елисей сарайы таратқан мәліметке сүйене отырып жариялаған.

Енді жаңа премьер-министрге тез арада үкімет кеңсесін жасақтап, 2025 жылдың бюджетін мақұлдауға тиіс.

Байру 73 жаста. 2017-2019 жылдар аралығында әділет министрі, ал 1990-жылдары білім министрі қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда парламент осыған дейінгі премьер Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын жариялап, ертесіне Макрон үкімет кеңсесін таратқан.

Барнье кеңсесі қыркүйектің екінші жартысында ғана жасақталған. Макрон үкіметтің жаңа басшысын сайлауға үш ай уақыт жұмсады. Себебі Ұлттық жиналыс депутаттарын сайлауда бір де бір партия басымдыққа ие бола алмаған еді.

Макрон француз үкіметін 73 жастағы Байруға сеніп тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.